masa.media нұсқаулығы
- Тимеңіз.
- «102» нөміріне хабарласып, полиция шақырыңыз.
- Олар келгенше сақтық шарасы ретінде қаруды фотоға түсіріп алыңыз — бұл қару сіздікі емес екеніне, даладан тауып алғаныңызға дәләл болады.
- Қаруды қараусыз қалдырмаңыз. Оны балалар тауып алып, абайсызда бірнәрсе жасап қояр.
- Полиция келмесе не қаруды тездетіп тапсыруға тура келсе, жақын жердегі полиция бөлімшесіне апарыңыз. Қаруды саусақ ізіңіз қалмайтындай ұстаңыз, мысалы, шүберекпен орап алыңыз. Шүріппені басып қалмаңыз.
Маңызды: қаруды «кейін тапсырам деп» үйге не басқа жерге алып кетпеңіз. Әйтпесе, сізге «қаруды заңсыз сақтады» (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) деген айып тағылуы мүмкін.
Пікірлер жоқ.